РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

Қазақ жастарының стресс жағдайындағы «діни копинг» механизмдері және діндарлықтың психологиялық функциялары

Нөмір 28 № 3(109) (2026), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Нөмір 28 № 3(109) (2026)
2026-09-30 Қараулар саны: 60
PhD докторант. Ахметова Аружан
Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті универсисеті
Қасқырбек Қалиев
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: kaskyrbekkaliev@gmail.com
Гульнара Рахимова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
10.48010/q6nrs794

Кілт сөздер

діндарлық, діни копинг, қазақ жастары, руханилық, психологиялық бейімделу, өмірлік мағына.

Аңдатпа

Жаһандану жағдайында жастардың стреске ұшырауына әсер ететін бірнеше факторларды атап өтуге болады. Мысалы ақпараттың көптігі, әлеуметтік желілердегі идеал өмірді аңсау, мәдени құндылықтардың құлдырауы, экономикалық тұрақсыздық сынды бірнеше факторлар қазіргі интернет ұрпақтарын өмірден түңілдіруге немесе стреске түсуіне алып келуі мүмкін. Бұл мақалада қазіргі Қазақ жастарының психологиялық қиын кезеңдерінде, яғни стресс жағдайындағы діни копинг стратегиялары мен діндарлықтың психологиялық функциялары қарастырылады. Зерттеу барысында Кеннет И. Паргемент ұсынған «religious coping» теориясы теориялық негіз ретінде қолданылды. Зерттеудің негізгі әдісі ретінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері және халықаралық ғылыми әдебиеттердегі зерттеулер талданылады. Эмпирикалық деректер студенттердің басым бөлігі діни тәжірибелерді эмоционалдық тұрақтылықты сақтаудың және өмірлік қиындықтарды еңсерудің маңызды құралы ретінде қабылдайтынын көрсетті. Сонымен қатар респонденттер руханилықтың өмірлік мағына қалыптастыруға, психологиялық қауіпсіздік сезімін күшейтуге және әлеуметтік бейімделуге ықпал ететінін атап өтті. Нәтижесінде діннің қазіргі Қазақстан жағдайында жастардың психологиялық бейімделуін, эмоционалдық тұрақтылығын және әлеуметтік интеграциясын қолдайтын маңызды әлеуметтік-психологиялық ресурс екені анықталды.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақ жастарының стресс жағдайындағы «діни копинг» механизмдері және діндарлықтың психологиялық функциялары. (2026). Адам әлемі, 28(3(109), 260-269. https://doi.org/10.48010/q6nrs794
Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.

Авторлық құқық (c) 2026 Аружан Ахметова; Каскырбек Калиев, Гульнара Рахимова