DOI:
10.48010/j3a1vn09Кілт сөздер
қарақалпақ ойшылдары, әлеуметтік әділет, теңдік, халықшылдық, еңбек әділеті, салық, адам қадір-қасиеті, әлеуметтік философия
Мақалада XIX ғасырдағы қарақалпақ ойшылдары Күнқожа, Өтеш, Әжинияз, Бердақ және Омар шығармаларындағы теңдік, халықшылдық және әлеуметтік әділет идеялары әлеуметтік-философиялық тұрғыдан талданады. Зерттеуде олардың поэзиялық мұрасы тек көркем мәтін ретінде емес, еңбек, салық, билік, адам қадір-қасиеті және лауазымды тұлғалардың моральдық жауапкершілігі туралы қоғамдық ойдың дереккөзі ретінде қарастырылады. Салыстырмалы және тарихи-контекстік талдау ортақ ұстанымдармен қатар әр ойшылдың әділетті түсіндірудегі ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Күнқожа еңбек пен оған төленетін ақы арасындағы теңсіздікті, Өтеш еңбек ақысын бермеудің экономикалық және моральдық салдарын, Әжинияз би, қазы және билеушілердің әділдігі мен бай-кедейдің тең қаралуын, Бердақ салық ауыртпалығының әділетсіз бөлінуін, ал Омар лауазымды зорлыққа қарсы шындықты айтудың азаматтық маңызын алға шығарады. Талдау бұл ойшылдардың әділетті абстрактілі қағидадан гөрі нақты әлеуметтік қатынастар арқылы пайымдағанын көрсетеді. Олардың мұрасында еңбекті лайықты бағалау, биліктің халық алдындағы жауапкершілігі, салықтағы әділдік және әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу әділетті қоғамның негізгі өлшемдері ретінде көрінеді.
1 Ismailov, B. (1961). Kúnxoja ómiri hám dóretiwshiligi [The life and creative work of Kúnxoja]. Qaraqalpaq mámleketlik baspası. (In Karakalpak)
2 Kúnxoja. (2019). Saylandı qosıqlar jıynaǵı [Collection of selected poems]. Bilim. (In Karakalpak)
3 Pirnazarov, A. (2000). Kúnxoja, Ájiniyaz, Sıdıq shıǵarmalarında qollanılǵan dóretiwshilik usıllar [Creative methods used in the works of Kúnxoja, Ájiniyaz, and Sıdıq]. Bilim. (In Karakalpak)
4 Ájiniyaz. (2024). Shıǵarmaları [Works]. ADABIYOT. (In Karakalpak)
5 Ájiniyaz. (1988). Zıywar: Tańlamalı shıǵarmaları [Zıywar: Selected works]. Qaraqalpaqstan. (In Karakalpak)
6 Tillaboyev, S., & Zamonov, A. (2014). O‘zbekiston tarixi (XIX asrning ikkinchi yarmi — XX asr boshlari): 9-sinf uchun darslik [History of Uzbekistan (Second half of the 19th century — beginning of the 20th century): Textbook for the 9th grade] (D. A. Alimova, Ed.). Sharq. (In Uzbek)
7 Berdaq haqqında sóz: Ádebiy-kritikalıq maqalalar, arнаўlar [On Berdaq: Literary-critical articles and dedications]. (1987). Qaraqalpaqstan. (In Karakalpak)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Авторлық құқық (c) 2026 Оралбай Жолдасбаев