Журнал туралы

«Адам әлемі» философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналы 1999 жылдан бастап шығады, Мерзімді басылымдарға арналған ISSN1999-5849 (Print) және ISSN 2959-7544 (Online) халықаралық стандартты нөмірі бар.

Журналдың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы  ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты.

Журналдың мерзімділігі – жылына 4 рет.

Журнал «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөздер базасына (КазБЦ) кіреді.

Журнал 2020 жылдан бастап WorldCat базасында идекстелді (мазмұны мен қызметтерінің әлемдегі ең үлкен кітапхана желісі)

Журнал мақалалары DOI тағайындаумен CrossRef деректер базасында тіркеледі.

"Адам әлемі" журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне Философия ғылымдары (оның ішінде мәдениет философиясы, дін философиясы) (№638 бұйрық, 05.08.2021 ж.), Саясаттану және Дінтану (№ 429 бұйрық, 16.04.2024 ж. ) ғылыми бағыттары бойынша енеді.

Редакциялық алқа құрамына философиялық және әлеуметтік гуманитарлы ғылымдар саласындағы жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар ұсынылған.