DOI:
Ключові слова
бақыт, концепт, ислам, дін, Құран, хадис, араб, мұсылман, бақытты, отандық, шетелдік, ғалым
Бұл мaқaлaдa, араб-мұсылман қоғамындағы діни түсініктерге негізделген «бақыт» ұғымы жайлы мәліметтерді топтастырып, «бақыт» концептісінің мұсылман қоғамындағы орнын анықтауға талпыныс жасалады. Исламдағы «Бақыт» ұғымының негіздерін және теориялық маңыздылығын талдау барысында Құран мен Хадис мәтініндегі «бақыт» ұғымы, оның қолданысы, отандық және араб-мұсылман ғалымдарының аталған концептіге қатысты ғылыми-теориялық тұжырымдарына талдау жасалады. Исламдағы «бақыт» концептісі туралы салыстырмалы теориялық зерттеу әдістері қолданылады. Ислам дінінде Құран аяттарында келгендей, мұсылман адам осы өмірде білім алып, оған амал етумен қатар, ақыретте «Саъадатул-қусуа» шексіз бақытқа қол жеткізу үшін үміттеніп, Жаратушы Алладан дұға етіп сұрау керектігі баян етіледі. Мүміндер дүниелік өмірінен кейін басталатын жаңа өмірге, яғни мәңгілік өмірге сеніп, шынайы өмір мен шексіз бақыттың тек ақыретте ғана болатынына сенімді. Діни мәтіндерде адамның жаны мәңгілік бақыттың дәмін татумен ғана бақытты деген мағыналар баяндалады. Материалдық бақыт адамды шынайы бақытты ете алмайтыны діни түсініктер аясында тұжырымдалады.