DOI:
Ключові слова
Этнос, бірегейлік, примордиализм, конструктивизм, ұлт, қақтығыс
Этнос, ұлт, этникалық бірегейлік мәселелері сұрақ туындатқан өз шешімін таппаған, бірінші кезектегі тақырып болып саналады. Сондықтан этникалық құбылыстардың табиғатын түсінудің әртүрлі тәсілдерін салыстыру және «ұлт құрылысы» құбылысының мәніне тиісті көзқарастарды анықтау маңызды болып табылады. Мақалада ұлт, этнос (ethnicity) ұғымдары, этникалық бірегейліктің өзгеру мәселесі талқыланды. Этнос пен ұлт ұғымдарына түсініктеме беріледі. Этникалық бірегейлік процестерінің табиғаты, динамикасы және факторлары талданады. Неліктен кейбір этникалық бірегейлік өзгереді, ал басқалары өзгермей тұрақты болып қалады деген сұраққа автор жауап іздейді. Қақтығыстағы этника (ethnicity), «белгілі этникалық топқа жату» рөлі қарастырылады. Ұлт құрылысында примордиалистік және конструктивистік көзқарастың өткен және қазіргі пікірталастары талқыланып жүрген тұстары сипатталады. Мақаланың негізгі әдіснамасы шетелдік және отандық зерттеулердің теориялық әдебиеттерін салыстырмалы талдау болып табылады. Cонымен қатар примордиализм мен конструктивизм ұғымдарына байланысты сипаттамалық әдіс қолданылады. Зерттеу нәтижесінде автор барлық этностар ұлт дәрежесіне жете алатындығына негіз жоқ екендігін, XXI ғасырда ұлт пен этникалық топтар арасындағы интеграцияның ең жоғары деңгейі кезінде конструктивистік теорияның артықшылықтарға ие болатындығын, этникалық бірегейлік бейімделгіш және өзгертілуі мүмкін екендігі, саяси элиталардың түрлі этностарды біріктіруге тырысқанымен, этникалық бірегейліктің рөлін төмендете алмайтындығы анықталды. Жұмыстың нәтижесінде алынған тұжырымдар мен қорытындылар Қазақстандағы ұлт құрылысына байланысты ғылыми жұмыстардың жазылуына және оны әрі қарай зерттелуіне септігін тигізеді.