DOI:
Ключові слова
шаманизм, қазақ даласы, бақсы, емші, ислам, мәдениет
Бұл мақалада шаманизмге талдаулар жүргізілді, ол шартты түрде мынадай кезеңдерге бөліп қарастырылды: 1. Әлемдік шаманизмнің пайда болуы; 2. Оның түркі-қазақ жеріне енуі; 3. Шаманизмнің ренессанстық дәуірі; 4. Бақсылық пен ислам дінінің жарыспалы өмір сүруі; 5. Шаманизмнің қазақ даласындағы жойылуы немесе солғындануы; 6. «Неошамандыққа талпыныс». Әрбір кезеңге қысқаша сипаттамалар беріліп, түптеп келгенде, оның өміршеңдігі туралы тұжырымдар жасалды. Шаманизмнің пайда болуының хронологиялық уақытын тек шамамен ғана айқындауға болатындығы, түркі-қазақ даласында да бақсылықтың кең таралғандығы, өрістегендігі, ислам мәдениетімен сұхбаттастық аясындағы қайшылықты тұстары мен конвергенциялануы туралы баяндалды. Шамандықтың қазақ жерінде жойылуына Кеңес үкіметі тұсындағы идеологияның да ықпал еткендігі мен қазіргі таңдағы шамандықтың реалды болмысы мен өнердегі элементтерінің, әсіресе, музыкадағы архетиптік құрылымдарына мысалдар келтіріліп, аналогия жасалды. Автор зерттеулер нәтижесінде шамандықтың тұтас мәдениет деп атауға болатын келбетіне назар аудара келе, қоғамдық өмірдің салаларында сарқыншақтары сақталып отыратын өміршеңдігі туралы қорытындыға келді. Бірақ шаманизмді тұтастай алған.