DOI:
Ключові слова
Абадың «толық адам» ілімі, «Қара сөздер», тұтас адам, тұтастық принципі, руханилық, жаһандану, жаңғыру
Бұл зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы да енетін өтпелі типтер қатарына жататын елдердің барлық салаларындаүдемелі жаңғырудың қажеттілігі жағдайында Қазақстан халқының топтасуының өте маңызды фактор болып келетіндігінде. Бастаманың барлық типтері негізінен билік элиталарынан бастау алатын қуып жетуші типтегі елдердегі топтасудың маңызды факторы қолып келеді және ол Қазақстанның азаматтарын біріктіретін рухани көшбасшы, ұлттық образ-идеал. Осындай Қазақстанның көпэтникалық и көпконфессиялық халқын біріктіруші рухани көшбасшы, ұлттық образ-идеал ұлы қазақ ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаев болуы әбден мүмкін.
Бұл зерттеудің мақсаты мен жаңалығы Абайдың «толық адам» (тұтас адам) ілімінің философиялық астарының іргелі тұтастық философиялық мәселесінің қазіргі кезеңнің үрдістерге сәйкес өзектілігін, заманауилығын және релевантттылығын анықтауда және тұтас адамды қазіргі кезеңге сәйкес түсінудің мәнін құрайтын, осы үрдістерге негізделген руханилық құбылысын жаңаша түсінуде. Автор философиялық зерделеудің қазақи типінің негізінде адам мәні, болмыс мәні мәселелерін шешудің этикалық ұстанымдары жататдығы тезисіне сүйене отырып Абайдың «толық адам» (тұтас адам) ілімінің этикалық негізін өзінің жырлары мен прозасының («Қара сөздер») мысалында анықтайды. Абай бойынша тұтас адам – өзін интерсубъективті болмыста паш етуші адам, негізгі объект болып интерсбъективті болмыс болып қалады және ол адам білімге ұмтылушы, өзінің танымдық және рухани интенцияларында адамгершіліккежәне мақсатқа ұмтылушы екенін автор көрсетіп береді. Абай бойынша руханилық мәселесіне деген күшті интенциялар оның түсініктерінде тұтас адамның өзегін құрайды. Осындай ұстаным рухани саладағы жаһандану мен жаңғыру мәселелері аясында қазіргі заманға өте сай және өзекті. Абайдың «толық адам» ілімі – Абайдың өзінің заманына сәйкес келетін ой арқылы игерілген квинтэссенция ғана емес, сонымен қатар заманауи іргелі мәселелерді шешуге арналған жаңа ұстанымдарға релевантты философиялық ілім болып келеді.