DOI:
Ключові слова
ұлт, ұлттық бірегейлік, ұлтшылдық, жастар, Қазақстан, қазақ халқы
Зерттеудің мақсаты ұлттық бірегейліктің жастардың өз ұлтына деген «адалдық және шынайылық» тұрғысынан маңыздылығын зерттеуге бағытталған. Бұл зерттеудің ерекшелігі - Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің азаматтық, этникалық және мәдени сипаттамаларының маңыздылығын көруге мүмкіндік береді.
Бұл мақалада ұлттық бірегейліктің маңыздылығы теориялық тұрғыдан зерттеліп, тақырып бойынша әдебиеттерге сыни шолу жасалады. Кейс-зерттеу үшін жас студенттер арасында ұлттық бірегейлік үшін мүшеліктің маңыздылығын бағалау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.
Зерттеудің академиялық маңыздылығы жаһанданудың әсері басым болатын және салыстырмалы бағалау үшін қазақтың әдет-ғұрпы мен дәстүрі онша көрінбейтін Алматы, Астана және Атырау сияқты Қазақстанның басқа космополиттік қалаларында жастардың ұлттық бірегейлікке деген сенімі мен сезімінің маңыздылығын одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысы адамдар мен олардың ұлттары арасындағы қатынастарға ерекше назар аудара отырып, ұлттар мен ұлтшылдық туралы теорияларды талдау арқылы ұлттық бірегейліктің жастар үшін маңыздылығын қарастырады. Сондай-ақ бұл зерттеу Қазақстанның Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінде студенттер арасында жүргізілген ұлттық бірегейлік туралы қысқаша сауалнама түрінде бастапқы дереккөзмен толықтырылады. Сауалнамадан алынған нәтижелерге талдау жасалып қорытындыда тұжырымдалады.