DOI:
Ключові слова
мәдениет, мәдени орта, ұлттық сана, ұлттық болмыс, мәдени саясат, қазақ елі, ұлттық бірегейлік, жаһандану үрдісі
Мақалада қазақтың ұлттық-мәдени бірегейлігі мәселелері аясында жазылған әлемдегі индексі жоғары журналдар мен басылымдарда соңғы екі жылда жарық көрген мақалаларға ғылыми шолу жүргізілген. Автор осы талаптарға сай келетін негізгі үш мақаланы іріктеп алған.
Мақала жазу барысында қазақтың ұлттық-мәдени бірегейлігін талдау үшін алдымен қазіргі білім беру саласындағы ұлттық бірегейлікті қарастырып алып, кейін кеңес дәуірі мен жаһандану арасында Қазақстанда азаматтық құру мәселесіне ден қойылады. Бұл мәселелер Қазақстандағы ұлттық бірегейлік, азаматтық және ұлт түсініктерін анықтап алуға мүмкіндік береді.
Мақаланың негізгі сұрақтарына жауап ретінде қазіргі
әлемдегі жаһандану мен мәдениеттің өзара әрекеттестігі қарастырылып, талданады және осыған байланысты қорытынды бөлімде нақты сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен қатар, мақала жазу барысында алдағы уақытта қазақтың ұлттық-мәдени бірегейлігін талдау барысында эмпирикалық зерттеулерге баса назар аудару қажетігі анықталды