ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН СОЦИУМ АРХИТЕКТОНИКАСЫНЫҢКОЭВОЛЮЦИЯСЫ: ПАРАДИГМАЛАР ТАРИХЫ

Том 90 № 4 (2021), ФИЛОСОФИЯ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 158
Владимир Дунаев
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Валентина Курганская
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: vkurganskaya@mail.ru

Кілтті сөздер

оэволюция, жоғары технологиялар, қоғам, мифология, философия, цифрлау, логос, технофобия, технократия

Аңдатпа

Мақалада технологиялардың коэволюциясы принципі мен әлеуметті мағыналы ұйымдастырудың мәдени-тархи формаларының бірқатары қарастырылады. Платонның космогониясын мысалға ала отырып, әлемді және адамның жанын құдайдың жаратуының матрицасы ретіндегі сандық символиканы қолдану мәселесі талданады. Ежелгі грек философтары енгізген және Қытайда даостық философияда жасалған 1)табиғи процестерді ерекше мән-мағына бере отырып тарату, және 2)материалды субстратқа кез келген ықтиярлы форма беру негізіндегі технологиялардың айырмашылығы талданады. Бұл айырмашылықтардың негізгі мифологиялық кейіпкерлерді этикалық сипаттамалармен және биліктік функциялармен қамтамасыз ету арқылы көрсетілген. Металлургия мен темір ұстасының мифологиялық символизациясы мысалында күрделі технологиялық процестерді архаикалық қабылдаудың ерекшеліктері талданады. И. Бентамның «Паноптикон» архитектуралық құрылысының мысалында алғашқы әлеуметтік технологиялардың бірі және оның билік ұғымын және оны жүзеге асыру тәсілдерін өзгертудегі рөлі қарастырылады. Сандық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, паноптикон идеясын жүзеге асырудың әртүрлі формалары талданады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Дунаев, В., & Курганская, В. (2021). ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН СОЦИУМ АРХИТЕКТОНИКАСЫНЫҢКОЭВОЛЮЦИЯСЫ: ПАРАДИГМАЛАР ТАРИХЫ. Адам әлемі, 90(4), 53–65. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.06