DOI:
Ключові слова
Традиция, религия, культура, ценности, преемственность, добро, благо, пространство, движение, время.
дәстүр, дін, мәдениет, құндылық, сабақтастық, ізгілік, игілік, кеңістік, қозғалыс, уақыт
Бұл мақалада дәстүрдің табиғи қажеттіліктен туған болмысы мәселесі қарастырылған. Дәстүр кез келген қоғамның жаратылыстық ортасына, шаруашылығына, тұрмыс жағдайына, тіпті климаттық ерекшелігіне байланысты қалыптасады. Дәстүрдің табиғи қажеттіліктен туған болмысын тану арқылы, ұлттық болмысымызды танимыз. Дәстүр табиғи қажеттіліктерден бастау алатындығы, бірақ онымен шектелмейтіндігі, оның рухани және сакральді
мағынасы терең екендігі зерттеледі. Дәстүрдің сакральді мағынасын анықтай отырып, дәстүрлі құндылықтардың қалыптасуы адамның өмір сүру болмысымен, оның менталитеттік ерекшеліктерімен ұштасып жататындығы анықталды.