ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Араб тіліндегі аударма дәстүрінің бастау бұлағы

Том 90 № 4 (2021), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 168
Жакипбек Алтаев
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жұлдыз Иманбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: izhuldyz2015@gmail.com
https://orcid.org/0000-0001-6403-2114

Ключові слова

аударма қызметі
Даналық үйі
Аббасидтер
Араб халифаты

Анотація

Араб халифаты өзінің жоғары дамыған кітап мәдениетімен және араб тілін бүкіл араб-мұсылман шығысында халықаралық қарым-қатынас, ғылым мен өнер тіліне айналдыруымен әйгілі болды. Аббасидтер әулетінің билік құрған кезінде араб-мұсылман өркениеті өзінің гүлденуі мен күшінің шыңын бастан кешуде. Аббасидтер тұсында Бағдад халифаттың саяси ғана емес, мәдени астанасы болды. Бағдад қаласында ғасырлар бойы кең ауқымды аударма қызметі жүргізілген әйгілі Даналық үйі ашылады.
Аббасидтер таңқаларлық жетістікке жетті, өйткені олар жаулап алған халықтардың ең бай мәдени дәстүрлерін қабылдауға қабілетті болды. Сонымен бірге олар өздерінің саяси мақсаттарын - Араб халифатын нығайту мен дамытуды көздеді. Аббасидтер аударма ісінде ізашар болған жоқ, олар осы саладағы ирандықтардың исламға дейінгі жетістіктерін шебер қолданды және дамытты. Араб халифатының сол кездері тарихи биіктерге жету себептерін зерттеу маңызды. Бұл өткеннің сабақтары қазіргі заманның игілігіне қызмет етуі үшін қажет.

Як цитувати

Алтаев, Ж., & Иманбаева, Ж. (2021). Араб тіліндегі аударма дәстүрінің бастау бұлағы. Адам әлемі, 90(4), 163–172. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.17