DOI:
Ключові слова
Момақан Әлиев
қосалқы тұлғалық (hybrid identitiy)
дін
тарих
Көкшетаулық ғалым, 1958 жылы Ташкент қаласында өткен 2-құрылтайда Қазақстан қазиятының наиблігіне (көмекшілігі) қызметіне сайланып 1969 жылға дейін осы қызметті атқарған Момақан Әлиевтің өмірін жалпы алғанда 7 түрлі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алайда сол әрбір кезеңнің өзі Момақан Әлиевтің уақыт өткен сайын не заманына қарай бөркін киуге мәжбүрлеген не болмаса ұстанымын сол кезеңге бейімдеп өзгертіп отыруына себепші болған. Момақан Әлиев, осы қиын қыстау кезеңде кез келген сәтке бейімделіп тұлғалығын (identitiy) әрдайым, жағдайға сай өзгерте жүріп қосалқы (hybrid) өмірдің арқасында тірі қалды. Осы қосалқылық жалпы оның қолжазбаларында, өмірлік ұстанымында да үлкен өзгерістердің негізі болғандығы анық. Біз осы мақаламызда Момақан Әлиевтің қандай кезеңдерде қандай өзгерістерге бейімделуге мәжбүр болғандығын анықтамақпыз.