ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жер дауы мен оның мәртебесіне байланысты саяси-философиялық ағымдардың көзқарастары

Том 90 № 4 (2021), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 196
Руслан Ахмаганбетов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: ruseke.kz@mail.ru

Ключові слова

жер дауы, жер мәртебесі, капитал, құндылық, меншік, жеке меншік, мемлекеттік меншік, ұжымдық меншік, либерал, социалист, постколонализм, алаш зиялылары.

Анотація

Жер дауы ертеден өзекті конфликт түріне жатады. Қазақстанда түрлі деңгейдегі жер даулары орын алуда. Жер дауына байланысты түрлі көзқарастар бар. Аталған көзқарастардың туындауына көптеген алғышарттар бар. Зерттеу тақырыбында жердің мәртебесіне байланысты түрлі саяси-философиялық ағым өкілдерінің көзқарастары қарастырылды. Либералды ағым өкілдері жерді капитал ретінде қарайды. Жерді капитал ретінде қарайтын либералды ағым өкілдерінің еңбектеріне талдау жасалған. Ал социалистік ағым өкілдері жерді мемлекеттік меншік ретінде қарайды. Лениннің еңбектеріндегі жер дауын шешуге байланысты мәселелер қарастырылған. Постколонализм ағымының өкілдері жер дауының пайда болуы отарлаушы империялардың әсерімен түсіндіреді. Жер дауына байланысты Алаш зиялылардың ұстанымдарын қарастырылған. Жер дауын шешудегі социалистер мен Алаш зиялыларының көзқарастарындағы айырмашылықтарға талдау жасалған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жерді құндылық ретінде қарайды. Оны капитал немесе меншік деген ұғымдарға келіспейді. Жерді қасиетті ұғым ретінде қарайды. Осындай түрлі көзқарастарға салыстырмалы талдау жасалған. Қазіргі таңдағы жер дауының туындауының тарихи алғышарттарына қарастырады.

 

Як цитувати

Ахмаганбетов, Р. (2021). Жер дауы мен оның мәртебесіне байланысты саяси-философиялық ағымдардың көзқарастары. Адам әлемі, 90(4), 123–132. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.13