ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ

Қазақ даласындағы еріктілік – әлеуметтік-мәдени кеңістіктің сегменті ретінде

Том 92 № 2 (2022), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 159
Индира Ахметова
Карагандинский университет имени академика Е.А.Букетова e-mail: i.akhmet@inbox.ru
Байжол Карипбаев
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Хаджы Ахмет Шимшек
Кастамону Университеті

Ключові слова

қазақ даласындағы еріктілік, қайырымдылық, ізгілік, жомарттық, дәстүрлер.

Анотація

Бұл мақала мәдениет пен салт-дәстүр негізінде қазақ даласында қалыптасқан еріктілікті философиялық дискурстың жаңа саласы ретінде зерттеуге бағытталған. Қазақ даласындағы еріктіліктің қалыптасып, дамуын талдау ерекше өзекті мәселе болып табылады. Еріктіліктің теориялық негіздерін зерттеу, оның құрылымының ерекшеліктерін анықтау, өз кезегінде қазіргі жастарды тәрбиелеуде жоғарғы маңызға ие. Зерттеу жұмысында қазақ даласындағы еріктіліктің даму көкжиектері зерделеніп, дәстүрлі-дүниетанымдық, тарихи - хронологиялық кезеңдерге бөлініп қарастырылады. Мақалада алдымен қазақ даласындағы еріктіліктің тұжырымдамалық мазмұнына қысқаша шолу жасалып, қазақ даласында өмір сүрген ойшылдарының философиялық көзқарастары баяндалады, одан әрі қазақ философиясы тұрғысынан еріктілік мәселесінің жаңалығы ұсынылады, тарихи-философиялық тұрғыдан еріктіліктің әлеуметтік құбылыс ретінде қазақ даласындағы сипаты талданады. Еріктіліктің қазақ қоғамындағы жеке институт ретінде мәдениетпен, салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен, көшпенділікпен, дінмен байланысын қарастырудың маңыздылығы ерекше атап көрсетіледі.

Як цитувати

Ахметова, И., Карипбаев, Б., & Шимшек, Х. А. (2022). Қазақ даласындағы еріктілік – әлеуметтік-мәдени кеңістіктің сегменті ретінде. Адам әлемі, 92(2), 71–82. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.07