DOI:
Ключові слова
Отбасы, неке, жас отбасы, ислам, қоғам, мемлекет, білім, рухани байлық, ғылым.
Мақалада жас отбасы түсінігі, мəртебесі, негізгі мəселелері мен отбасылық құндылық аспектілері қарастырылған. Отбасы əлеуметтік институт ретінде қалыптасу мен даму кезеңінде əртүрлі сатылардан өтіп, белгілі бір функцияны атқарады. Жас отбасы қандай қоғамда болмасын өмірлік қиындықтармен кездесетіндіктен мемлекет, қоғам тарапынан қолдауды қажет етеді. Жас отбасының материалдық қажеттіліктері мен мұқтаждықтары, олардың туындау себептері мен салдарлары жəне оларды шешу жолдары осы зерттеудің өзегі болып отыр. Жаңадан неке құрған жастар арасындағы рухани-моральдік өзара түсіністікті, олардың дүниетанымдық көзқарастары, мақсаттары мен мұраттарын зерделей отырып, отбасында туындайтын əртүрлі кереғар құбылыстардың себептерін ашуға талпыныс жасалды. Сонымен қатар, қазіргі заманауи қоғамдағы неке мен отбасы құндылықтарының біршама өзгеріске ұшырауы сияқты құбылыстардың жас отбасыларға əсері қарастырылды. Қазіргі қоғамда кең етек жайып отырған жас отбасылар арасындағы ажырасудың көбеюінің себептері пайымдалды. Мемлекет тарапынан жас отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері тілге тиек етіліп, отбасылық мəселелерді шешуге пікір ұсынылды.