ФИЛОСОФИЯ. БІЛІМ. ҚОҒАМ

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ

Том 91 № 1 (2022), ФИЛОСОФИЯ. БІЛІМ. ҚОҒАМ
Том 91 № 1 (2022)
2022-03-30 Көрілім саны: 137
Гулзер Даулетова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: gulzerd@mail.ru

Ключові слова

сана
ұлттық сана
ұлттық мәдениет
ұлттық тіл
ұлттық тарих
ұлттық бірегейлік

Анотація

Мақалада сананың әлеуметтік-философиялық көзқарасының ерекшеліктері талданады. Ұлттық сана әлеуметтік, философиялық, діни және ұлттың рухани дамуының белгілі бір деңгейін сипаттайтын күрделі жиынтық ретінде қарастырылады. Ұлттық сананың қалыптасу ерекшелігі және оның үйлесімді дамуы мен қарама-қайшылықтарының негіздері нақтыланды. Сонымен қатар, мәдени мұра ұғымы ұлттың санасын қалыптастыратын және оған тән онтологиялық, гносиологиялық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық құндылықтарды сақтаушы ретінде өзектендіріледі. Қазіргі ғылымда сана теориясының үш концепциясын салыстыру үрдіске айналды. Нейробиологтар аса маңызды деп қабылдайтын бұл үш концепция, сана − бұл мидың биологиялық күйі, жұмыс кеңістігінің жаһандық перспективасы және жоғары деңгейлі тәртіптегі терминдер жиынтығы ретінде қарастырылады. Дегенмен әр ғылым саласы сана ұғымын көбіне жеке адам деңгейімен қарастырғанымен, түптеп келгенде қоғамдық сана мәселесіне көбірек алаңдаушылық танытады. Сондықтан да, кез келген қоғам өзіндік санасын қалыптастырып, оның басты бағыттарын анықтап жататыны уақыт өткен сайын ғылым мойындаған заңдылыққа айналды.

Як цитувати

Даулетова, Г. (2022). ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ. Адам әлемі, 91(1), 37–48. https://doi.org/10.48010/2022.1/1999-5849.04