DOI:
Ключові слова
Философиялық әдіс, спекулятивті тәсіл, тарихи зерттеулер, дүниетаным, құндылықтар, аксиoлогия, тезис, анитезис, синтез, индукциялық ықтималдық
Кейінгі бес жылдар шамасында ғылыми-зерттеу бағыттарының, оның ішінде гуманитарлық ғылымда ұғымдар, түсініктер және категорияларды әртүрлі қырынан зерттеу маңыздылыққа ие болды. Сонымен бірге қазіргі уақытта әлемдік, әрі жаһандық деңгейде ғылымның дамуы зерттелуге тиісті сұрақтарды өзара ішкі байланыста мысалы пәнаралық, мультидисциплина түрінде зерттеу де кең етек алған. Төмендегі мақала авторлары осы аталған өзекті мәселені ойға ала отырып, эксперименттік үлгі ретінде бір-біріне нәтижелі талдауға келе қоймайтын зерттеулерді ұсынбақшы. Ол зерттеу тезі – тек бүгінгі ғылыми бағыттың, әсіресе гуманитарлық саланың бет-бұрысы саналатын зерттеуден кейінгі нәтиже қорытындысындағы тиімді немесе тиімсіз деп табылатын пайымдаулар болмақ.
Ғылыми мақалада ұлттық-мәдени құндылықтар қатарынан табылатын «түркілік дүниетаным» ұғымын философиядағы спекулятивті әдіспен талдау реті жазылған. Әдетте ғылыми пайымдау жетістігі әрқашан да қайсы бір ғылымның өзіне жақын немесе тиісті деп табылған зерттеу әдіс-тәсілдерін қолданғанда іргелі, әрі толымды нәтижеге жетіп жатады. Ал төменде жазылған мақалада керісінше ұлттық құндылық ұғымы спекуятивті деңгейде баяндалған. Бір жағынан алып қарағанда аталған талдаумен жасалған экперимент қарапайым, примитиві нәтиже алып келуі мүмкін. Алайда авторлар бұндай өрескел зерттеудің өзінен «қандай қорытындылар шығады» деген мақсатпен жазған.