DOI:
Ключові слова
қазақ, мәдениет, код, белгі, семиотика, интерпретация, Умберто Эко
Ұсынылып отырған мақалада қазақ ұлттық мәдениетінің кейбір аспектілері Европада ең алғашқы семиотика кафедрасын ашқан итальян философы және жазушысы Умберто Эконың семиотикалық теориясының призмасы тұрғысынан қарастырылады. Атақты семиотиктің ойынша, барлық мәдени құндылықтар семиотика заңдарына бағынады және оларды семиотика тұрғысынан қарастырған дұрыс. Мәдени код, идеология мәселесін жаңадан қарастыру, түбегейлі жаңа көзқарас қажеттілігі сөз болады, себебі бүгінгі таңда орын алып отырған көптеген ұлттар, тілдер және мәдениеттердің өзара қарым-қатынасқа түсіп, тығыз араласуы ұлттың рухани деңгейі, өзіндік болмысы және мәдениетінің жаһандану заманында жойылып кетпеу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының аясында біз осы кең әлемде өз орнымызды сақтап қалу үшін тарихымызды қайта зерделеп ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет. Авторлар өз мәдениетін, өз тамырын білетін, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу жолында мәдени зерттеулерде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан, барлық құбылыстарды белгі ретінде қарастыратын, белгі артында жасырылып тұрған ақпаратты дұрыс интерпретациялау қабілетін қалыптастыруда семиотика таптырмас құрал екенін сөз етеді.