ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ

Том 93 № 3 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 93 № 3 (2022)
2022-09-30 Көрілім саны: 106
Гулхан Нұрадин
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті e-mail: gnuradin@mail.ru
Дина Кульбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Эльмира Куандыкова
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Ключові слова

философия пәні, оқу мен оқыту, оқыту философиясы, экспозиция, практикалық философия, алғашқы сабақ эффектісі, «саз балшық» тренингі, сөйлейтін үнсіздік, үнсіздік үні

Анотація

«Философия» - ЖОО-дағы міндетті пәндер қатарында. Кез-келген білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студент 5 кредиттен тұратын философия пәнін игереді. Философия барлық студенттер үшін түсінікті әрі тартымды деп айту қиын, алайда пәнді оқыту экспозициясын, яғни түсіндіру, сипаттау, анықтау немесе хабарлау мақсатын түрлендіру мен жаңашаландыру арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі бар. Білім философиясының экспозициясы немесе оқыту философиясының экспозициясы «философия» пәні оқытушысының оқыту мен оқу процесін игерудегі сенімділігі мен аудиторияны өзіне баурап алуы әрекетімен тікелей байланысты. Мақалада «философия» пәні бойынша философиялық емес және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне бағытталған логикалық-танымдық ойындар арқылы студенттерді «философия» пәнін игеруге тартуды басты мақсат тұтатын бірнеше нұсқалар беріледі. Нұсқаларды пайдалану «практикалық философия» ретінде пәнді тартымды етудің қызықты әрі танымды жолы ретінде ұсынылады және тәжірибеленеді. «Практикалық философия» студенттің іс-әрекетіне қатысты кең ойлау және ойлану мүмкіндігі, сондықтанда ол ізгілікке негізделген ұзақ мерзімді мақсат пен нәтижені көздейді. Мақалада «философия» пәнін оқыту экспозициясы «философия» пәнін оқыту философиясымен шендестіре тарқатылады.    

Як цитувати

Нұрадин, Г. ., Кульбаева, Д., & Куандыкова, Э. (2022). ФИЛОСОФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ . Адам әлемі, 93(3), 27–39. https://doi.org/10.48010/2022.3/1999-5849.03