ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

МУНАСАБАТ ІЛІМІ: ҚҰРАН МӘТІНІН ЗЕРТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ

Том 95 № 1 (2023), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 95 № 1 (2023)
2023-03-30 Көрілім саны: 78
Жалғас Асхатұлы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: astana-city-2021@mail.ru
Нұрлан Анарбаев
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

Кілтті сөздер

мұғжиза, мунасабат ілімі, шариғи үкімдер, ислам, Құран, қасиетті мәтін.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта қазақ қоғамында, әсіресе жастар арасында ислам дініне деген қызығушылық танытып отырғандардың саны күн санап арту үстінде. Осы ретте, қоғамның тұтастай діни сауатын арттыру мақсатында мемлекеттік деңгейде көптеген іс-шаралар жасалуда. Бүгінде халықтың рухани сұранысына жауап беру үшін дін қызметкерлері тарапынан Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару үдерісі белең алды.
Бұл тұрғыда діни сауаты әлі толық қалыптаспаған мұсылмандар үшін қазақ тілінде ұсынылған Құранды дұрыс түсіну мен түсіндіру мәселесі өте өзекті. Себебі, Құран исламның басты қайнары саналғандықтан, кез-келген мұсылман оның мазмұнын қалай түсінсе, сәйкесінше, исламды солай қабылдайтыны ақиқат.
Осыған байланысты берілген мақалада Құран аяттарын дұрыс бағытта түсіндіруде және аударуда маңызды рөл ойнайтын мунасабат ілімі туралы айтылады. Аталмыш ілім өз кезегінде Құранның әрбір сүрелері мен аяттарының бір-бірімен байланысын зерттейді және олардың түпкі мағынасын анықтауда зор үлес қосады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Асхатұлы, Ж., & Анарбаев, Н. . (2023). МУНАСАБАТ ІЛІМІ: ҚҰРАН МӘТІНІН ЗЕРТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ. Адам әлемі, 95(1), 165–172. https://doi.org/10.48010/2023.1/1999-5849.15