САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанның сыртқы саясатындағы халықаралық ұйымдардың рөлі

Том 92 № 2 (2022), САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 592
Фатима Кукеева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Малик Ауған
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Нурболат Нышанбаев
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Нүркен Айтымбетов
Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: aitymbetov_nurken@mail.ru

Ключові слова

халықаралық ұйымдар, көпвекторлы сыртқы саясат, суверенді мемлекет, либералды әлемдік тәртіп, жаһандану.

Анотація

Халықаралық ұйым, кем дегенде үш мемлекеттің мүшелігін қабылдайтын, бірнеше мемлекетте қызмет ететін және мүшелері ресми келісім бойынша біріктірілген мекеме. Халықаралық қатынастар жүйесінің жаңа заман кезеңінде ғаламдық мәселерді реттеу мен мемлекеттер арасындағы байланыстарды қалыптастыруда фундаменталды қызмет атқарып келуде. Мақала авторларлы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Қазақстанның сыртқы саясатындағы халықаралық ұйымдардың ықпалы мен рөлін концептуалды талдау негізінде талдайды. Мемлекеттер бұл ұйымдарға мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мұндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі құрамында халықаралық ұйымдармен шұғылданатын бөлімдер бар, халықаралык, үкіметаралық ұйымдарға төленетін мүшелік жарна мемлекеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика­лық, қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда. Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап көпвекторлы сыртқы саясатты жемісті түрде жүргізіп келуде. Көпвекторлы сыртқы саясатта аймақтық, халықаралық ұйымдардың бағыты аймақағы Қазақстанның саяси рөлін құрылымдық тұрғыдан бекітуде аса маңызды рөл ойнады. Мақала авторлары біріншіден, халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың саяси институт ретінде сыртқы саясаттағы рөлін, саяси маңыздылығын теориялық тұжырымдамалық тұрғыдан қарастырады. Екіншіден, «қазақстандық көпвекторлы сыртқы саясат» ұғымының ғылыми дискурстық қолданыс аясын зерттеп, ерекшеліктерін тоқталады. Үшіншіден, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстан сыртқы саясатындағы аймақтық, халықаралық ұйымдардың соңғы отыз жыл көлемінде рөліне талдау жасалады.

Як цитувати

Кукеева, Ф. ., Ауған, М., Нышанбаев, Н., & Айтымбетов, Н. . (2022). Қазақстанның сыртқы саясатындағы халықаралық ұйымдардың рөлі. Адам әлемі, 92(2), 133–140. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.13