DOI:
Ключові слова
anti-corruption institutions, countering corruption, anti-corruption policy, anti-corruption education and propaganda, anti-corruption expertise of regulations
Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институттарын талдау. Мақсатқа жету үшін мақалада келесі институттар талданады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық және реттеуші; нормативтік актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы; билік қызметінің сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қауіпті салаларын қоғамдық бақылау; білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат мекемелері. Зерттеу құрылымдық-функционалдық және институционалдық тәсілдер әдістеріне негізделген. Зерттеудің ақпараттық-талдамалық базасын Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық актілері, заңдары, мемлекеттік бағдарламалары мен стратегиялары құрады. Зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың күшті аумақтарын анықтауға, сондай-ақ одан әрі жетілдіруді қадет ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кейбір институттардың әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік берді. Авторлар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттардың рөлі мен функцияларын күшейтетін шаралар бағыттарын ұсынады.