МӘДЕНИЕТ. БІЛІМ. ҚОҒАМ

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Том 98 № 4 (2023), МӘДЕНИЕТ. БІЛІМ. ҚОҒАМ
Том 98 № 4 (2023)
2023-12-20 Көрілім саны: 72
Салтанат Аубакирова
Торайғыров атындағы университеті e-mail: aubakirova.saltanaat@mail.ru
Гаухар Ахметова
Торайғыров атындағы университеті
Майра Қожамжарова
Торайғыров атындағы университеті

Кілтті сөздер

дүниетаным, дәстүрлі дүниетаным, қазақ философиясы, ұлттық болмыс, ұлттық сана

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін ұлттық сана мәселесі қазақ философиясында өзектене түсті. Осы орайда, қоғамдық сананың дамуында бұрын соңды болмаған отандық тарихқа және ұлтымыздың мәдениетіне, ұлттық мәдени-рухани болмысымызға, саяси-құқықтық көзқарастарға, жанұя мен күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі құндылықтарға деген сұраныстар мен ізденістер күрт өсе бастағандығын қарастырады.
Сонымен қатар, берілген мақалада бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе баспасөз, газет пен журналдар егемендік-тің алғашқы жылдарында өте жоғары белсенділікте болып, ұлттық интеллигенцияның негізгі трибунасына айналды. Осы кезде журналдар өте аз, дегенмен сол кездегі қоғамның ең өзекті мәселелерін жарыққа шығарып, оны талдауда орасан зор еңбектер жасады. Осы орайда мақаланың негізгі мәселесі қазақ философиясының іргетасы болып табылатын дәстүрлі қазақ дүниетанымын зерттеудің қалыптасуының тарихи астарларын айқындау. Сонымен қатар, егемендік алғаннан кейін көптеген отандық ғалымдардың еңбектерінде ұлттық философияның дүниетанымдық ерекшеліктері жан-жақты зерттелді.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аубакирова, С., Ахметова, Г., & Қожамжарова, М. (2023). ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. Адам әлемі, 98(4), 59–66. https://doi.org/10.48010/2023.4/1999-5849.06