ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

Шығыстың ұлы ойшыл ақындары Низами мен Науаи шығармаларындағы гуманизмнің идеялық бастаулары

Том 92 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 151
Раушан Абдильдина
Казахстанский филиал МНУ имени М.В.Ломоносова e-mail: rabdildina@gmail.com

Ключові слова

гуманизм, мұсылман ренессансы, адам, ақыл, қоғам, шығыс философиясы

Анотація

Шығыстың ұлы ойшылдары, яғни ортағасырлық мұсылман мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің рухани мұрасы түркі халықтары үшін баға жетпес құнды мұра болып табылады. Ол қазіргі рухани және әлеуметтік-саяси мәдениетті қалыптастырудың идеологиялық және теориялық негізі. Ұлы Низами Гянджави мен Әлішер Науаидың атақты шығармаларындағы адам даралығының рөлі мен маңызы, оның жанының байлығы мен күрделілігі, адамгершілік таңдауы, махаббат пен бақытты іздеу, адамгершілікті жетілдіру жолдары, әділетті, идеалды қоғам, дана билеушінің рөлі туралы ой толғаулары ақыл-ойдың мүмкіндіктеріне терең сенуге негізделген. Адамгершілік, таңдау құлқының еркіндігі, парасат пен білімге табыну сынды мәселелер шығыс ойшылдары шығармашылығындағы гуманистік бағытты айқындайтын іргелі ұстанымдар.

Як цитувати

Абдильдина, Р. (2022). Шығыстың ұлы ойшыл ақындары Низами мен Науаи шығармаларындағы гуманизмнің идеялық бастаулары. Адам әлемі, 92(2), 29–36. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.03