DOI:
Ключові слова
азаматтық
ашықтық
зайырлылық
кеңістік
қарым-қатынас
қоғам
құбылыс
таным
толеранттылық
үдеріс
ұлт
ұстаным
Ғылыми мақалада зайырлылық принципінің ғылыми таным процесіндегі маңыздылығы анықталып, зайырлылық ұстанымы және оның мән-мағынасы мен көрінісіне теориялық тұрғыда пайымдаулар жасалынады. Сонымен қатар зайырлылық ұғымының заманауи талаптарға сәйкес қолдану деңгейіне бағамдаулар жасалып, зайырлылық құбылысына анықтама беріледі. Авторлардың зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік және отандық ғылыми тұжырымдамалар сарапталып, зайырлылық кұбылысының дінтанулық тұрғыдағы сипатына жан-жақты зерделенулер жасалады. Зайырлылық ұғымының өркениеттік дамудың векторын анықтайтын кең ауқымдылығы, мен терең ғылыми-танымдық мән-мағынасы бар екендігі көрсетіледі. Оқырмандарға ұсынылып отырылған мақаладағы негізгі мақсат - зайырлылық жөнінде жазылған шетелдік және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін сыни сүзгіден өткізу және олардың көзқарастарына талдамалық шолу жасау, ғылыми танымдағы оның орны мен маңызын анықтау болып келеді. Сондықтан ғылыми жұмыста зайырлылық құбылысы қазіргі рухани жаңғыру үдерістерінің талаптарына сәйкес талдаулардан өткізіліп, қоғамдағы рухани сұхбатты қалыптастыруға қызмет ететін мағынасын анықтау боынша оларға жан-жақты сыни сипаттамалар беріледі.