ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ

Қазақстанның мәдени ландшафтындағы кеңістіктің жаңа идеологиясы

Том 94 № 4 (2022), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 169
Фарида Мұсатаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: f.mussatayeva@mail.ru
Құралай Ермағамбетова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ключові слова

кеңістік идеологиясы, мәдени ландшафт, «естелік орындары», коммеморация, «далалық естелік»

Анотація

Маңызды мәдени, тарихи және табиғи мұраны сақтау мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Жұмыстың негізгі келелі мәселелері – Қазақстанның мәдени ландшафтындағы кеңістіктің жаңа идеологиясының өсу нүктелерін зерттеу. Кеңестік дәуірге таңылған ойлау мәнерін еңсеру – кеңістіктің жаңа идеологиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді және байтақ далалық жады, ұлттық мәдени код, киелі орындар тәрізді идентификаторларды қайтадан ұлттық меншікке айналдыру перспективаларын ашады. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде кеңістіктің жаңа идеологиясының қалыптасуы «халықтық канонизацияның» стихиялық сипатына ие болды, әдетінше оның бастамашысы патриоттар еді.
2017 жылы мемлекет тарихи-мәдени орындарды қалпына келтіруге және ондағы тарихи естеліктерді жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолға алды. Бағдарламаға сәйкес, естелік орындары ұлттық сананың кемелденуіне түрткі болады, халықты жанды тарих төңірегінде біріктіретін нүкте бола алады және болуы тиіс дегенді көздейді.
Авторлар ұлттық идентификаторлардың барлық топтарын бірыңғай тұтастырып, жинақтауға ықпал етуі тиіс қасиетті орындардың типтерін жіктеуді ұсынады. Сонымен қатар қасиетті жерлерді жіктеу әдістемесі негізінде мақаланың авторлары арнайы жобаны таңдау кезінде әзірленген өлшемшарттарынан ерекшеленетін аксиология призмасы арқылы оларды типтеуге тырысты.

Як цитувати

Мұсатаева, Ф., & Ермағамбетова, Қ. (2022). Қазақстанның мәдени ландшафтындағы кеңістіктің жаңа идеологиясы . Адам әлемі, 94(4), 30–45. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.04