САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ

ҰЛТ ҚҰРЫЛЫСЫ ПРОЦЕСІ: ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН МЫСАЛДАРЫ

Том 92 № 2 (2022), САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 192
Досжан Калиев
Әл- Фараби университет e-mail: Dos0588@inbox.ru
Аймар Вентсель
Тарту университет

Ключові слова

ұлт құрылысы, ұлт, тарихи мысал, тарихи маңызы, Геллнер, Б. Андерсон, теория

Анотація

Мақалада автор қазіргі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдағы әлі де болса зерттеуді қажет ететін процестердің бірі – ұлт құрылысы мәселесін зерттейді. Атап айтқанда, бұл проблеманың қазіргі ғылымдағы зерттелу деңгейі мен оның өзектілігін айқындап, «ұлт құрылысы» ұғымының мән-мағынасын ашып көрсетеді. Оған қоса оның теориялық мәселелерін қарастырып, салыстырмалы талдаулар жасайды. Автор Қазақстанның ұлт құрылысы ерекшелігіне тоқталады. Сонымен қатар автор мақаланың негізгі бөлігінде әлемдік тәжірибедегі ұлт құрылысы процесінің тарихи мысалдарына шолу жасау арқылы, олардың негізгі ерекшеліктері мен сипатын, жалпы тенденциялары мен барысын қарастырады. Сондай-ақ ұлт құрылысы мәселесінің тарихи маңызын көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде ұлттың ұлт болып қалыптасуы мемлекеттің белгілі бір мақсаттағы әрекеттерінің жиынтығымен жүзеге асырылатындығы байқалды. Посткеңестік елдердің ұлт құрылысында аумақ, жердің маңыздылығы анықталды. Автор зерттеу мәселесі бойынша келтірілген мәліметтерді өңдеу барысында салыс-тырмалы талдау жасау арқылы проблемаға тереңірек үңілуге мүмкіндік алды. Ал ұлт құрылысының тарихи мысалдарының ортақ тенденцияларын жалпылама әдісі арқылы қарастыра алды. Жұмыстың нәтижесінде алынған тұжырымдар мен қорытындылар Қазақстандағы ұлт құрылысына байланысты ғылыми жұмыстардың жазылуына және оны әрі қарай зерттелуіне септігін тигізеді.

Як цитувати

Калиев, Д., & Вентсель, А. (2022). ҰЛТ ҚҰРЫЛЫСЫ ПРОЦЕСІ: ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН МЫСАЛДАРЫ. Адам әлемі, 92(2), 102–115. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.10