ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстан Республикасының дін саласындағы тұрақтылықты сақтау шарттары мен факторлары

Том 91 № 1 (2022), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 91 № 1 (2022)
2022-03-30 Көрілім саны: 166
Эльмира Таукебаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Мерекегуль Карабаева
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті e-mail: mkarabaeva@mail.ru

Ключові слова

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар, тұрақтылық, діни тұрақтылықтың сыртқы және ішкі факторлары, ақпараттық-түсіндіру жұмысы, интернет-кеңістіктегі қарсы насихат, оңалту жұмысы.

Анотація

Мақалада Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Негізгі зерттеу бағыты дін саласындағы тұрақтылық пен орнықтылықты қамтамасыз ету мәселесін, полиэтникалық және поликонфессиялық қоғам жағдайында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін елде мемлекеттік саясаттың қалай құрылатынын зерделеуге бағытталған. Әдістеме ретінде нормативтік-құқықтық актілердің, дін саласындағы мемлекеттік саясат материалдарының, әлеуметтік зерттеулер деректерінің мониторингі мен кешенді талдауы пайдаланылады; осының негізінде мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігіне баға беріледі және болжам жасалады. Жүргізілген зерттеу материалдары мақалада сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, діни қызмет саласындағы проблемалық аспектілерді көрсетуге және оларды жою бойынша шаралар ұсынуға мүмкіндік берді.

Як цитувати

Таукебаева, Э. ., & Карабаева, М. . (2022). Қазақстан Республикасының дін саласындағы тұрақтылықты сақтау шарттары мен факторлары. Адам әлемі, 91(1), 182–191. https://doi.org/10.48010/2022.1/1999-5849.16