DOI:
Ключові слова
Ресей мұсылмандары, ислам, модернизация, консерватизм, жәдидшілдік, Маржани, ижтиһад
Мақалада ислам әлемінде өте өзекті тақырыптардың бір болып саналатын тақырыптардың бірі «ижтиһад» және «тақлид» мәселелері талқыланады. Осы аталмыш екі ұғымның ХVII-XIX ғасырда Ресей империясы тұсындағы мұсылмандар арасында қалай көрініс бергендігі жайлы және оның қайдан бастау алғандығы мен бүгінгі таңдағы сипаттарына тоқталамыз. Ижтиһад – адамзат өз күшімен бар мүмкіндігінше қиналып еңбек етуі, ойлануы, қандайда мәселені ақылмен ойлану арқылы шешуі, Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген мәселелердің үкімдерін, ашық білдірілген үкімдерге ұқсатып анықтайтын ұғым. Ижтиһад ұғымы болған жерде міндетті түрде тақлид ұғымы да аталып өтіледі. Тақлид – қандайда бір лидерге еліктеуді, сол адамға ұқсауға тырысуды, біреудің ісін қайталауды һәм соның жолымен жүруді білдіретін ұғым. Біз ең әуелі ижтиһад пен тақлид түсінігінің сыр-сипатын дұрыс саралап, жан-жақты дәйектеледі. Жәдидшілдік пен қадымшылдық тартысы әлеуметтік феномен ретінде орын ала бастағалы екі ғасырға жуық уақыт өткенімен жәдидшілер мен қадымшылардың арасындағы пікір қақтығысы әлі күнге қоғамдық санада, оның ішінде мұсылмандар арасында күн тәртібінен түспей келеді. Ислам діндегі модернизация және консерватизм ұғымдарына байланысты пікірталастар белгілі бір деңгейде өз шешімін табуы қоғамдағы кей бөлінушіліктердің алдын алуда және қоғамдық тұтастықты сақтауда маңызды болады.