DOI:
Ключові слова
Дәстүр, дін, мәдениет, тіл, құндылық, жаһандану, сабақтастық, құндылық, уақыт
Бұл мақалада жаһандану дәуіріндегі адамзат қоғамындағы күрделі өзгерістерге философиялық талдау жасалынған. Бүгінгі таңда ұлттық болмысы толық, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру адамзатқа ортақ түйінді мәселе. Мақалада, бүгінгі ұрпақ болмысындағы кезектегі кейбір рухани адасушылықтың, жатсынудың себебі мен салдары саралана отырып, ұрпақ өзінің ұлттық келбетін басқа мәдениетке еліктеуден іздемей, ұлтына тән, өткен бабалар өмірінен сабақ ала білуі қажет екендігі талданады. Қазіргі жаһандану кезеңінде ұрпақ өз өмірлерінде ерте заманнан келе жатқан, ұлт дамуының діңгегіне айналған ұлттық құндылықтарға берік болған жағдайда ғана, әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алатындығы хақ екендігі зерттелген