DOI:
Ключові слова
ҚХР, Қытайдың сыртқы саяси тұжырымдамасы, геосаяси бағыт, үйлесімді даму,
Мақалада Қытай Халық Республикасының сыртқы саяси ұстанымының эволюциялық кезеңдерін және Қытайдың сыртқы саяси белсенділігінің негізгі геосаяси бағыттарының халықаралық қатынастар жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырылады. Сонымен бірге, елдер арасындағы өзара түсіністік пен баянды ынтымақтастыққа ықпал ететін әр түрлі себептерді сондай-ақ селбестік қатынастарға теріс әсер ететін немесе келіспеушілік көзі болып табылатын жағдаяттар зерттеледі. Мақалада соңғы кездерде Қытайдың сыртқы саясатына енгізілген маңызды өзгерістер оның халықаралық интеграциядағы күшейген ұлттық әлеуеті мен оның өзіндік ерекшелігі сипатталады.
Мақалада сонымен қатар өзіндік тарихи, мәдени және философиялық тамыры терең Қытай геосаясат мектебінің айырмашылықтары баяндалған. Осы негізде Қытайдың "стратегиялық шекаралар" мен "әсер ету кеңістігі" және оның Қазақстан мен Орталық Азия үшін туындайтын ықтимал салдарларына қатысты саяси жағдайға шағын шолу жасалған