ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Том 92 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 144
Жазира Ошакбаева
Институт философии, политологии и религиоведения e-mail: zhazira_beka@mail.ru
Мейіркүл Жетпісбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілтті сөздер

Поэзия, философия, дәстүрлі дүниетаным, сөз өнері, сана, руханилық, фольклор, этика, эстетика

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының философиялық және поэтикалық мұрасы қоғамның рухани жаңғыруының өзіндік ерекшелігі ретінде зерделенеді. Философиялық және поэтикалық ой бір-бірімен тығыз байланысты. Екеуі де әлемді тануға бағытталған, екеуі де бұл танымды белгілі бір мағынада көрсетуге тырысады. Философия Универсумның жалпыға ортақ заңдарын құру тұрғысынан тапса, поэзия осы Универсумның өзінен табады. Егер біз философ пен ақынды ой жаратушылары ретінде салыстыратын болсақ, онда көптеген ортақтықты табуға болады. Философ та, ақын да өз шығармаларында әлем құруға тырысады. Дәл осылай философия мен поэзия әдіснамасын өзара байланыстыруға болады. Біріншісі, негізінен, ғылыми негізге сүйенеді, екіншісі поэтикалық тіл мен рифма арқылы сананың, ойлаудың және дүниенің өзіндік тездетушісі ретінде әрекет етеді.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ошакбаева, Ж., & Жетпісбаева, М. (2022). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ПОЭТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ. Адам әлемі, 92(2), 37–48. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.04