САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Транзиттің қазақстандық моделі мәселесі турасында

Том 96 № 2 (2023), САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Том 96 № 2 (2023)
2023-06-30 Көрілім саны: 95
Арман Ешмұратов
Еуразиялық интеграция институты e-mail: arman.kan71@gmail.com

Ключові слова

коммуникациялар, мекемелер, екінші республика, саяси реформалар, клиентелизм

Анотація

Мақалада транзиттің қазақстандық моделі қарастырылады. Автор 2022 жылдың қаңтарындағы болған оқиғаларды сипаттауға тырысқан. Автордың пікірінше, қарсылықтардың негізінде мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс жасаумен бірге қаншама жылдар бойы мән берілмей келген күрделі әлеуметтік мәселелер жатыр. Әлеуметтік қарсылықтар белең алған жемқорлықтың, саяси транзиттің нәтижесінде одан әрі шиеленісе түскен коммуникативтік дағдарыстың нәтижесі екендігі сөзсіз. Билік пен қоғам арасындағы коммуникациялық дағдарыстың басты себебі сұғанақ клиентелизм жүйесімен байланысты. Нақ осы клиентелизм мен оның қоғамның жаңа сұраныстарына салиқалы жауап беруге қауқарсыздығы мемлекеттік басқару аппаратының түгелімен азғындауына (деморализациялануына) алып келді. Патрон-клиент моделі жағдайында билік транзиті институттарын заңнамалық тұрғыдан бекітуді қамтамасыз ету сәтсіздікке ұшырады. Автор сәтсіздіктің себебін қалыптаспаған, сәйкесінше саяси санамызда орнықпаған, толыққанды институттардың болмауынан деп біледі. Саяси дәстүрдің болмауы, халықтың шешім қабылдау үдерісіне араласпауы транзитті бекітуші заңнамалық новеллаларды қоғамның қарсылығынсыз бір сәтте-ақ жоя салуға алып келді. Автор табысты саяси реформалардың келешегін қазіргі кадрлық мәселемен байланыстырады.

Як цитувати

Ешмұратов, А. (2023). Транзиттің қазақстандық моделі мәселесі турасында . Адам әлемі, 96(2), 91–98. https://doi.org/10.48010/2023.2/1999-5849.10