ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ

Қазіргі қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың жаңғыруы мәселелеріне

Том 92 № 2 (2022), ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 94
Раушан Сартаева
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК e-mail: raush_sart@mail.ru

Кілтті сөздер

жаңғыру, Конституция, кері байланыс принципі, биліктіңбөлінуіпринципі, тежеу ​​мен тепе-теңдік жүйесі, таңдау және есеп беру принципі,сайлау, құқықтық сана

Аңдатпа

Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі Қазақстан Республикасы да жататын қуып жетуші елдер қатарындағытипіне сәйкес келетінәлеуметтік-мәдени даму құбылысының практика жүзіндегі барлық салаларының мәселелерін жаңғыртудың қажеттілігі мен оны өзектендірілуі жағдайындағы барлық бастамалар типтері билік элитасынан бастау алады және өзінің мемлекеттілік типін анықтап алу да қажет екендігінде. Қазіргі таңда ҚР-да әлеуметтік-мәдени дамудың басқа фазасы факторларының қалыптасуын байқап отырмыз. Осы қорытындыға сәйкес әлеуметтік-мәдени дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттіліктің типін анықтап алуымыз қажет және ол үшін жаңғыру үдерістеріне құқықтық негіздерді, яғни еліміздің Ата заңын сәйкестендіруіміз керек. Осыған орай ҚР Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевтың ұсынысы бойынша қолданыстағы ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Әлеуметтік-мәдени дамудың басқа фазасы факторлары болғандығына сүйене отырып қазіргі геосаяси кеңістікте орын алып отырған орталықтан алшақтау үрдістерін, мемлекеттік құрылымдардың десуверенизациялану үрдістерін болдырмауүшін жоғарғы атқарушы билікке белгілі бір артықшылықтар берілетінсуперпрезиденттік республикадан президенттік-парламенттік республикаға өту қажет. Конституциялық өзгерістер алдымен үш негізгі блоктарға тиісті болу керек: биліктің бөлінуіпринципі, тежеу ​​мен тепе-теңдік жүйесі, сайлау.
Бұл зерттеудің мақсаты мен жаңалығы -кері байланыс принципі, биліктің негізгі үш саласының бөлінуі принципі, таңдау және есеп беру принципі сияқты демократиялық принциптердің тиімді емес жұмыстары жағдайындағы мемлекеттілік типінің (мемлекеттік нысандар мен басқару түрлері) өзгеруі қажеттілігін дәйектеуде.
Сонымен қатар, конституциялық ережелерге деген интенцияны (ішкі ұмтылысты) мойындауға негізделген құқықтық сананы қалыптастыру қажет. Осындай типтегі құқықтық сананы қалыптастыру сәйкес келетінбілім беру жүйесі мен мемлекеттік институтты сақтаудың маңызды тетігі ретіндегі идеология жағдайында мүмкін. Мемлекет институты бұрынғыдай адами бірегейленуді қосқандағы бірегейленудің барлық типтерін сақтаудың негізгі кепілі болып қала береді.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сартаева, Р. (2022). Қазіргі қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың жаңғыруы мәселелеріне. Адам әлемі, 92(2), 58–70. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.06