САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ

МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ

Том 92 № 2 (2022), САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ
Том 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Көрілім саны: 243
Аяжан Сагикызы
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК
Асем Ибраимова
Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: assem.kokusheva@mail.ru

Ключові слова

жастар, жастар саясаты, саяси мәдениет, саяси белсенділік, құндылықтық бағдарлар, идеология, әлеуметтік желілер

Анотація

Қазақстанның саяси трансформациясы жағдайында жастар саясаты мәселесін көтеру құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастырудың үрдістерімен негізделіп отыр. Өйткені, бұл үрдістер жастардың саяси немқұрайлығы мен одан тысқары өмір сүру салтын реттемейінше іске асырылмайды. Қазақстандық жастардың саяси белсенділігі жүйесіз, оның үстіне олардың басым бөлігі саяси саладағы өзгерістерге немқұрайлы келеді. Оған қоса, қазіргі әлеуметтік желілерде кең таралған квазилиберализм құбылысы саяси жүйені тұрақсыздандырушы факторға айналып отыр. Осылардың барлығы мемлекет пен жастар арасындағы кері байланыстың орнап, дамуына кедергі келтіреді. Мұны реттеуші басты тетік, яғни мемлекеттік жастар саясатының стратегиялық маңыздылығы өте жоғары. Авторлар оның әлеуметтік-экономикалық бағдарлығынан бөлек идеологиялық концептілерін дамыту тұжырымдамасын алға шығарып отыр. Сонымен қатар, жастар ортасындағы идеологиялық жұмыстарды жүргізудегі әлеуметтік желілердің орны қаншалықты маңызды екені аталып өтіледі.

Як цитувати

Сагикызы, А., & Ибраимова, А. (2022). МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ. Адам әлемі, 92(2), 93–101. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.09