ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

КӨНЕ ТҮРІКТЕРДІҢ ДІНІ ЖӘНЕ ШАМАНИЗМ

Том 94 № 4 (2022), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 323
Тұңғыш Абылов
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті e-mail: abylovtt@gmail.com
Айымжан Рыскиева
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
https://orcid.org/0000-0001-8433-729X
Қайрат Затов
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
https://orcid.org/0000-0003-3705-7097

Ключові слова

Көне түріктер
дін
шаманизм
Көк Тәңірі
тәңіршілдік
монотеизм
көне түріктер, дін, шаманизм, Көк Тәңірі, тәңіршілдік, монотеизм

Анотація

Шамандық көне түріктердің діні деген пікір ұзақ уақыт бойы ғылыми айналымда болды. Шын мәнінде шаманизм дін емес, адамдар мен рухтар әлемін байланыстырушы деп санаталын шаманнң тұлғасы төңірегінде қалыптасқан сенімдер жиынтығы. Алайда қате қабылдаулар мен мақсатты бұрмалаулардың нәтижесінде шаманизм түріктердің көне діні ретінде көрсетілді. Дегенмен көне түрік дінін, Көк Тәңірі сенімімен қатар қарастырғанда шамандық арасындағы айырмашылықтар айқындала бастайды. Шаманизмнің не екені және уақыт өте келе оның Көк Тәңір сенімімен қаншалықты араласып кеткені қазір кезде белгілі болып отыр. Әрине, бұл бағыттағы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Алайда, қазіргі кезде дінтанулық зерттеулер аясында да түріктердің байырғы діні шамандық емес деген пікір ғылыми дәлелденген факт ретінде айтылуда. Көк Тәңірі сенімі жан-жақты зерттеліп, көне түріктердің діні туралы жан-жақты білімге қол жеткізілуде. Бұл зерттеуде авторлар көне түріктер дінінің негізін Көк Тәңірі сенімі құрағанын және олардың монотеистік сенімде болғанын дәлелдеуге талпыныс жасаған. Ал шаманизмге мистикалық емдеу, рухани әлеммен байланыстыру, транс және экстаз әдістерін қолдану сияқты әрекеттер айналасында қалыптасқан сенім ретінде анықтама береді.

Як цитувати

Абылов, Т., Рыскиева, А., & Затов, Қ. (2022). КӨНЕ ТҮРІКТЕРДІҢ ДІНІ ЖӘНЕ ШАМАНИЗМ. Адам әлемі, 94(4), 123–134. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.12