МОДЕРНИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІНДЕГІ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Посткеңестіктен «Жаңа Қазақстанға» өту жағдайындағы қазақстандықтардың бұқаралық саяси санасы туралы

Том 93 № 3 (2022), МОДЕРНИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІНДЕГІ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Том 93 № 3 (2022)
2022-09-30 Көрілім саны: 201
Айдар Амребаев
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК e-mail: aidar.amrebayev90@gmail.com
Дина Ешпанова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Ключові слова

Саяси сана, бұқаралық сана, бұқаралық саяси сана, саяси құндылықтар, саяси мәдениет

Анотація

Мақаланың мақсаты – қазақстандық қоғамдағы бұқаралық саяси сананы зерттеу. Жұмыста «саяси сана» және «бұқаралық саяси сана» құбылыстарының теориялық негіздемесі берілген, сонымен қатар социологиялық сауалнама материалдары талданған. Соның нәтижесінде бұқаралық саяси сананың кейбір өзіне тән белгілері ашылды. Мақалада қазақстандықтардың бұқаралық саяси санасында қарама-қарсы көзқарастар мен нұсқаулар біріктірілгені атап өтілген: бір жағынан, демократия мен адам құқықтарын қолдау, екінші жағынан, саяси енжарлық пен мемлекеттік институттарға сенімсіздік, азаматтық өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіздік. Азаматтардың нақты саяси мінез-құлқы жоғары эмоционалды қатысумен және нақты белсенділіктің төмен деңгейімен сипатталады. Қазақстандықтардың бұқаралық саяси санасының ерекшелігі – қоғамның саясат пен биліктен алшақтауы. Бұл үдерісте халықтың өзінің бұқаралық саяси санасын өзгерту мәселелері де, белгілі бір идеологиялық баяндаулар негізінде билік органдарының қоғамдық сананы басқару стратегиясын жаңарту да өте өзекті болып табылады. Бұл мәселе «Жаңа Қазақстанның» концептуализациясы үшін қолданбалы маңызы бар

Як цитувати

Амребаев, А., & Ешпанова, Д. . . (2022). Посткеңестіктен «Жаңа Қазақстанға» өту жағдайындағы қазақстандықтардың бұқаралық саяси санасы туралы. Адам әлемі, 93(3), 72–86. https://doi.org/10.48010/2022.3/1999-5849.07