DOI:
Ключові слова
әлеуметтік мемлекет
белсенді азамат
мүмкіндіктер мен құқықтарды кеңейтетін білім беру
Монтессори
инклюзивті қоғам
әлеуметтік мемлекет, белсенді азамат, мүмкіндіктер мен құқықтарды кеңейтетін білім беру, Монтессори, инклюзивті қоғам
Әлеуметтік мемлекетті, белсенді азамат құбылысын және құқық пен мүмкіндіктерді кеңейтетін білім беру жүйесін – «Жаңа Қазақстанның» қол жеткізуі тиіс басты мақсаттарының арасында атауға болады. Мария Монтессори – жаһанға танымал, гуманистік білім беру философиясы мен оң әлеуметтік өзгерістер жасаудың жетекші ойшылы және практиктерінің бірі. Монтессори барлық азаматтарға қолжетімді, коммерциялық емес сапалы білім беруді дамыту қағидаттарына сенді және оны жүзеге асыра білді. Монтессоридің білім беру философиясы баланы (яғни баланың қажеттіліктерін) негізге алып қана қоймай, сонымен бірге балаға өзін “Ғалам” деп аталатын үлкен жүйенің ажырамас бөлігі және жаһан азаматы ретінде қабылдайтын инклюзивті көзқарас құруға ықпал етеді. Монтессори білім беру философиясы балаларға Ғаламда әр нәрсенің басқалармен тығыз байланыста екенін көрсетуге негізделген ойлау тәсілін дамытуға көмектеседі, оларда Ғаламды зерттеуге деген шексіз қызығушылықты оятады және қолдайды, шығармашылық рухты оятады. Тұтастай алғанда, Монтессоридің гуманистік білім беру философиясында (оны құқық пен мүмкіндіктерді кеңейтетін білім беру жүйесі деп те сипатауға болады) іргелі тұжырымдама болып табылатын “Ғарыштық білім” түсінігі, белсенді азамат құбылысын қалыптастырудың, күшті әлеуметтік мемлекет пен инклюзивті қоғам құрудың кейбір нақты жолдарын көрсетеді.