САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ

Жапон отаршылдығы кезінде корейлік БАҚ-тағы заманауи корей әйелдерінің үлгісі ретіндегі Чеджу сүңгуірлері

Том 94 № 4 (2022), САЯСАТ. ӘЛЕУМЕТ
Том 94 № 4 (2022)
2022-12-28 Көрілім саны: 69
Сун Ок Мионг
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті e-mail: okmyong@gmail.com
Сохён Ли
Чеджу университеті
https://orcid.org/0000-0001-9805-0871

Ключові слова

Чеджу сүңгуірлері, қазіргі корей әйелдері, Кореяның отаршылдық кезеңі, корей газеті

Анотація

Бұл зерттеу – сол кездегі жалғыз корей газеті Maeilshinbo-дағы мақалаларды талдау арқылы жапон отаршылдық дәуіріндегі корей ақпарат құралдарында көрсетілген Чеджу сүңгуірлерінің «жаңа заманғы әйел» бейнесі ретіндегі қиын тағдыры мен бейнесін қарастырады. Чеджу сүңгуір әйелдері 2016 жылы ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» ретінде тіркеліп, қазіргі корей әйелдеріне жетекші үлгі ретінде үлкен мәнге ие болды. Алдыңғы зерттеулерде, Чеджу сүңгуірлерінің арал аймағындағы ерекше ортада қалыптасқан өзгеше өмір салты мен мәдени байланысы қарастырылды. Алайда, олар отаршылдық биліктің қос репрессиялық құрылымына және әйелдердің құқығын тежеп тұрған феодалдық дәстүрге қарамастан, жаңашыл және прогрессивті өмір сүрді. Олар теңіз тереңіндегі қауіпті еңбекке араласа отырып, «тәуелсіз экономикалық агенттерге» айналды және отаршылдардың қанауы мен езгісіне көне жүріп, билікке қарсы тұра алатындарын көрсетті. Шешім қабылдаушы ерікті органдарды ұйымдастыру арқылы олар өздерінің шаруашылық қызмет құқықтары мен мүдделерін қорғады.

Як цитувати

Мионг , С. О., & Ли, С. (2022). Жапон отаршылдығы кезінде корейлік БАҚ-тағы заманауи корей әйелдерінің үлгісі ретіндегі Чеджу сүңгуірлері. Адам әлемі, 94(4), 87–97. https://doi.org/10.48010/2022.4/1999-5849.09