DOI:
Ключові слова
Дару-л Деобанд, деобандилік, ислам, медресе, талибан, таблиғи жамағат, Үндістан, Пәкістан
Мақалада Дару-л Деобанд мектебі ғұламаларының саяси ұстанымдары мен тәжірибелері, сонымен қатар оқу орнының қысқаша тарихы қамтылады. 1866 жылы Үндістанның Деобанд қалашағында медресе ретінде құрылған Дару-л Деобанд – тек қана діни білім беретін оқу орны ғана емес, сонымен қатар ойшылдық мектебі ретінде саналады. Дару-л Деобандтың құрылуына негізінен Үндістандағы мұсылман ғұламалары мұрындық болды және медресенің негізгі ұстанымдарын да солар белгіледі. 19 ғасырдың екінші жартысы Үндістан үшін саяси күрделі кезең еді. Үнді халқының британдықтардың отарлық билігіне қарсы ұлт-азаттық күресінің бастау алып келе жатқан шағы. Осындай алмалы-төкпелі заманда деобандық ғұламалар да саяси процесстерден тысқары қала алмады. Үнді халқымен бірге мұсылман ғұламалары да ұлт-азаттық күреске белсенді түрде қатысты, тіпті кейбір көтерілістерге басшылық етті. 20 ғасырдың бірінші жартысында деобандық ғұламалар арасында Үндістан мұсылмандарының болашағына қатысты екі түрлі көзқарас болды: бірінші топ Үндістан мемлекетінің Ұлыбританиядан тәуелсіздік алып, тұтас қалуын қаласа, екінші топ мұсылмандар үшін бөлек мемлекет құру қажеттігін айтты. Бірінші топтағылар Үндістан ғұламалары ұйымында болды әрі олар Махатма Гандидің Ынтымақтастықтан бас тарту ұйымын қолдады. Ал екінші топтағылар Ислам ғұламалары ұйымын құрды. Нәтижеде 1948 жылы тәуелсіз Пәкістан мемлекеті құрылды. Деобандық ғұламалар бұдан кейін де түрлі партиялар арқылы Пәкістан саясатына ықпал етіп отырды. Уақыт өте келе деобандық идея негізде екі топ құрылды. Біріншісі – таблиғи жамағат, екіншісі – талибан қозғалысы. Бұлардың біріншісі діни миссионерлікпен айналысса, екіншісі саяси амбициялар құрды. Мақалада Дару-л Улум Деобанд мектебінің саяси қырына талдау жасалына отырылып, жоғарыда аты аталған екі ұйымға тоқталады.