DOI:
Ключові слова
Құтты білік, Жүсіп Баласағұн, Қарахан дәуірі, түркі-ислам философиясы, саяси көшбасшылық, Даналық (Wisdom)
Түркістан топырағында Қарахан дәуірінде (840-1212) жазылған түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (Құтадғу билиг) атты көрнекті шығармасы түркі халықтарының тарихындағы маңызды саяси және терең рухани өзгерістер кезеңінде түркі-ислам философиясының қалыптасуы мен дамуында өзекті рөл атқарды. Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде қоғамдық-саяси құрылыстың идеал нұсқалары жөнінде, әділ қоғам және билеушінің мінез-құлық ережелері туралы көптеген прогрессивті пайымдаулар айтқан. Осыған орай мақалада «Құтты білік» шығармасының саяси-философиялық аспектілері мен Жүсіп Баласағұнның саяси көшбасшылық туралы ойлары қарастырылады. Сонымен бірге тақырыпты ашу мақсатында авторлар Жүсіп Баласағұнның саяси көшбасшылық туралы ой-пікірлерінің қалыптасуының социомәдени алғышарттарын анықтап, түркі ойшылының саяси көшбасшылық туралы ой-пікірлерін объективті көзқарас тұрғысынан талдайды.