DOI:
Ключові слова
ислам, әйел тәлімгерлер, Марокко, діни білім, білім беру бағдарламасы
2005 жылдан бері Марокко билігі елдегі мешіттердің діни саясаты мен басшылық құрылымын реформалау туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта бірқатар стратегиялар қолға алынды. Соның бірі – халық арасында белсенді жұмыс істеуге бағытталған, әсіресе ауылдық жерлерде жастардың радикалдануына жол бермеу үшін жаңа буын имамдарды, тәлімгерлерді оқыту бағдарламасын дайындау болды. Бұл бағдарламалар қысқа мерзімді болғанымен, аталған мақсат үшін айтарлықтай тиімді екенін көрсетті. Бұл бағдарламалардың ерекшелігі тәлімгерлікке әйелдерді тарту болды. Ең бастысы, бұл интеллектуалдық деңгейі қазіргі заманға сай шығармашылық уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуге қабілетті білімді жас әйелдер тартылды. Бұл бағдарламалар Мұхаммед VI Институтына бекітілді және студенттер құрамы тезарада халықаралық болды, өйткені имамдар мен тәлімгерлер бірнеше шетелдік, негізінен Африка мемлекеттері үшін дайындалды. Бұл тәжірибе, бір жағынан, ел ішіндегі әлеуметтік діни шиеленісті жоюға, екінші жағынан, халықаралық діни білім беру орталығы ретінде Марокко Корольдігінің беделін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Бұл мақаланың мақсаты – қазіргі мұсылман қоғамының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін «әйел факторын» қолдану саласында Марокконың соңғы жылдардағы діни саясатының жүзеге асырылуын талдау.