ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСАТТАНУ ДИСКУРСЫ

Қазақстандағы жерге меншік формасын ауыстырудың қарама-қайшылығы қақтығыстың себебі ретінде

Том 97 № 3 (2023), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСАТТАНУ ДИСКУРСЫ
Том 97 № 3 (2023)
2023-09-28 Көрілім саны: 81
Сымбат Шакиров
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: turarbek_zh1982@mail.ru
Владимир Батурин
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті

Ключові слова

жер, меншік, қауым, ортақ ресурстар, әлеуметтік шиеленіс, қайшылықтар, халық меншігі, мемлекеттік меншік, ұжымдық меншік, жеке меншік, жеке меншік

Анотація

Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы әртүрлі қақтығыстардың себебі ретінде жерге меншік нысандарын өзгерту мәселесін ашу болып табылады.
Көшпелі халықтардағы жерге иелік ету отырықшы өмір салтын ұстанған адамдардан ерекшеленеді, себебі оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан аумағы да шет қалмады. Елімізде жүргізіліп жатқан жер реформасының, Қазақстан Республикасының Конституциясын өзгертудің басты мақсаты – жер қатынастарын тиімді реттеу және жерге қамқорлық мәдениетін арттыру міндеттері. Міндеттердің біршама бөлігі жартылай шешілді, жерге «халықтық меншік» танылды. Соған қарамастан, жер инспекциясы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың теріс тенденцияларын анықтап отыр, атап айтқанда, егістік жерлерді айналымнан шығару, топырақ құнарлылығының нашарлауы, жер ресурстарының бір бөлігі алыпсатарлықтың, рейдерлердің басып алу объектісіне айналуда. Мұның бәрі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қақтығыс тудыратын факторларға негіз жасайды.
Соңғы уақытта қазақстандық ғалымдардың жерге меншік мәселелеріне арналған еңбектері пайда болды. Бірақ жер қатынастарының көптеген мәселелері одан әрі зерттеуді қажет етеді, жерге меншік қатынастарын жақсарту бойынша дәлелді ұсыныстар әзірлеуді талап етеді. Осының бәрі жерге меншік туралы мәселенің бір ғана дұрыс шешім аясында шешіле салмайтындығын анық көрсетеді. Жерге меншік құқығының қалыптасу тарихына қысқаша экскурсия жасау мақсатымыз – қабылданған Жер кодексіне және қолданыстағы көптеген заңдарға қарамастан, Қазақстанда жерге меншік құқығы туралы теориялардың жеткілікті түрде дамымауынан туындаған қақтығыстардың себептерін зерттеу болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы және жалпы жер учаскесіне меншік нысаны туралы даулар бүгінгі күнге дейін аяқталмаған.

Як цитувати

Шакиров, С., & Батурин , В. . (2023). Қазақстандағы жерге меншік формасын ауыстырудың қарама-қайшылығы қақтығыстың себебі ретінде. Адам әлемі, 97(3), 88–98. https://doi.org/10.48010/2023.3/1999-5849.09