DOI:
Ключові слова
ағартушылық, қазақ ағартушылығы, ұлттық мәдениет, орыс ағартушылығы, француз ағартушылығы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев
Мақалада қазақ ағартушылық ілімінің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері қарастырылып, соның аясында Ы.Алтынсариннің рухани мұрасын сараптау мақсаты қойылады. Ы.Алтынсарин қазақ ағартушылық ілімінің белді өкілі ретінде тұжырымдалады.
Ағартушылық ілімдерде адамзаттың идеялық және теория-лық дамуы тәжірибесінің элементтері де, сонымен бірге, ұлттық өзіндік сананың ерекше белгілері де жинақталғанды-ғы көрсетілген. Жалпы ағартушылық контекстінде Ы.Алтын-сариннің ағартушылығық ілімін қарастыра отыра, оның рухани шығармашылығының мәні мен ерекшеліктерін анықтай да айқындай түсуге болатындығы айтылады. Автор қазақ ағартушылығын саралаудың жаңа әдіснамалық, тақырыпты кешенді қарастыру, жүйелік-проблемалық зерттеу және салыстырмалы-тарихи талдау сияқты принциптерін қолдана отыра, Ы.Алтынсариннің қарастырған әлеуметтік-этикалық және философиялық мәселелерінің жалпы ағартушылық ілімдер мәселелерімен ортақтығын көрсетеді. Олар, адам және гуманизм, ақыл-ойды дәріптеу, қоғамдық прогресс мәселелері.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің ағартушылық ілімінің де өзіндік ерекшеліктері айқындалған. Қазақ ойшылдары қабылдаған басқа халықтардың озық идеялары соңғысының дәл қайталануы бола алмайтындығы, олардың дәуірдің ерекшеліктеріне, әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, ұлттық мәдениетке сәйкес сөзсіз өзгеріске ұшырайтындығы ашып қөрсетілген. Қорытындыда, Ы.Алтынсариннің рухани мұрасының біздің заманымыз үшін де тағылымды және өзекті екендігі көрсетілген.