DOI:
Ключові слова
сulture, value, brend, factor, cultural research.
Бұл мақалада Қызылорда облысының мәдени туризмінің даму барысы талданады. Қызылорда облысындағы мәдени туризм ахуалын талдауда негізгі элементі ретінде туристік тартымдылықты біртұтас «оптикалық жүйеде» баяндау қарастырылды. Зерттеу обьектісі ретінде алынған өңірдің мета-бейнесінің тұтастығы мәтіндік баяндауды ретке келтіруден, оларды рәміздік үйлестіруден тұрады.
Әдістемелік негізі Қызылорда облысының мәдени мазмұнындағы логикалық және тарихи талдаудың ішкі байланысын анықтаудан туындайды, мәдени рәміздерге түсіндірме беру барысында ұлттық болмыстың тұтастығына ерекше назар аударылады.
Мұнда семиотикалық өлшем метаструктуралардың конфигурациясын модельдей алады, туристтер қызығушылық танытатын тартымды объектіге айналдыруға мүмкіндік береді. Туристік объектілерді семиотизациялау әдісін пайдалану рәміздік көріністердің өзара әрекеттесуді анықтауға, өңірдің көрнекі контурларын, көрнекті орындарды таныстыру үдерісінде туристтерге түсіндірме беруде жылдам нәтиже береді. Мұның нәтижелері Сыр өңірінің мәдени туризм саласын дамытуға негіз бола алады. Қазіргі дефинициялар «мәдени брендинг», «өңір бренді», «аймақтық бренд» ұғымдарының мағынасына мәдениеттанулық тұрғыдан мән беріліп, мазмұны түсіндірілді.