ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ДЕОБАНД ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН ФИҚҺ ЕҢБЕКТЕРІ

Том 97 № 3 (2023), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 97 № 3 (2023)
2023-09-28 Көрілім саны: 93
Рашид Mukhitdinov
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті e-mail: mukhitdinov.rashid@gmail.com
Ерғали Алпысбаев
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Бурханадин Абдилхаким
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Оқан Самет
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

Ключові слова

Деобанд, Дәр әл-улум, ханафи мәзһабы, фиқһ, білім беру, оқу жүйесі Үндістан, Қазақстан

Анотація

Мақалада Деобанд білім ордасында оқытылатын фиқһ саласындағы кітаптарға талдау жасалады. Дәр әл-улумға тиесілі оқу орындарында фиқһ ғылымы сегіз жыл оқытылады. Фиқһ саласы бойынша оқулық ретінде таңдалған кітаптардың барлығы ханафи мәзһабында мойындалған, мәзһабты үйретуде басшылыққа алынатын еңбектер. Бұл еңбектер тек қана Деобанд оқу орындарында ғана емес, ханафи мәзһабын үйрететін Түркия, Орталық Азия елдері секілді басқа да елдердегі діни білім ошақтарында негізгі әдебиеттер саналады. Деобанд білім беру жүйесінде фиқһ ғылымын сатылай, деңгейлеп үйрету мақсатында ханафи мәзһабындағы кітаптардың көлеміне, қамтыған мәліметтеріне қарай таңдалған да. Алғашқы жылы «Нур әл-идах», екінші жылы «Мәсәил әл-Қудури», үшінші жылы «Шарх әл-уиқая», төртінші жылы «Кәнз әд-дақаиқ», ал бесінші, алтыншы және жетінші жылдары Орта Азияда өте танымал, ханафи мәзһабында ерекше орны бар имам әл-Марғинанидің «әл-Һидая» кітабы толықтай оқытылады. Ал «тахассус» деп аталатын сегізінші жылы имам Ибн Абидиннің «Хашиясынан» жекелеген мәселелер таңдалып, сол тақырыптар төңірегінде зерттеулер жүргізіледі. Осы мақалада жоғарыда аталған фиқһ кітаптары туралы кең көлемді мәліметтер берілерді. Ол кітаптардың авторлары және авторларының ұстаздарының тізбегі беріліп, Қазақ елімен олардың байланыстары анықталады. Қазақстанның кітапхана және қолжазба қорларында олардың қаншалықты сақталғандығы туралы да мәліметтер қамтылады. Қорытындыда Деобанд оқу орындарында ханафи мәзһабын үйретуде басшылыққа алынатын еңбектердің ханафи мәзһабын үйрететін өзге елдердегі еңбектерден айырмашылығы жоқ екендігі айтылады.

Як цитувати

Mukhitdinov Р. ., Алпысбаев, Е. ., Абдилхаким, Б., & Самет, О. (2023). ДЕОБАНД ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН ФИҚҺ ЕҢБЕКТЕРІ. Адам әлемі, 97(3), 136–144. https://doi.org/10.48010/2023.3/1999-5849.14