ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Орта Азиядағы білім берудегі жаңғыру және реформалауда жәдидшілер әрекетінің үлесін талдау

Том 99 № 1 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 99 № 1 (2024)
2024-03-31 Көрілім саны: 91
Султанмурат Абжалов
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Канат Базарбаев
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жахангир Нурматов
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: zhakhangir82@gmail.com
Турганбай Абдрасилов
Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Ключові слова

Жәдидшілер, Қадимшілер, исламдық білім беру, реформа, жаңа-әдіс мектептері, ескі-әдіс мектептері

Анотація

Зерттеу жұмысында жәдидшілдіктің діни-мәдени және саяси қозғалыс ретінде консервативтік жүйемен күресу арқылы Орталық Азияның мемлекеттік тәртібін қалпына келтіруде табысқа жеткендігі және ғалымдардың надандықпен күресу жолында жаңа әдіс мектептердің ислам дінін сақтап қалудағы орны көрсетілген. Бұл зерттеуде жәдідшілердің дәстүрлі білім беру үлгілерін реформалау арқылы қол жеткізілген қоғамдық тәртіпті өзгертіп, жергілікті қауымдастықтың мәдени трансформациясы мен модернизацияға ұмтылу қажеттілігі көрсетіледі. Осы тұрғыдан жәдідшілерді дін ғылымдарынан гөрі зайырлылыққа жақын ұстанымда болғанын байқауға болады. Жәдідшілер мұсылман тәжірибесін түзету мақсатында осы жаңғырушылық мағынаға негізделген реформаны талап еткен болатын. Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде қадимшілдік (консервативтік ислам) қозғалысына шолу жасауға арналады, қадимшілдердің дәстүрлі ислам түсінігі және олардың неліктен жәдидшілер ұсынған реформалық идеяларға қарсы шықты деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалады. Сондай-ақ, екінші бөлімде «жаңа әдіс» мектептерінің қалыптасуы мен олардың Орталық Азияда таралуы қарастырылып, архивтік құжаттарға негізделген мағлұматтар беріледі. Қорытынды бөлімінде жаңа әдістемедегі мектептердің оқу жоспары мен бағдарламаларында қандай пәндер бар деген сұраққа жауап беру арқылы олардың әдістемелік мазмұны зерттеледі.

Як цитувати

Абжалов, С., Базарбаев, К., Нурматов, Ж., & Абдрасилов, Т. (2024). Орта Азиядағы білім берудегі жаңғыру және реформалауда жәдидшілер әрекетінің үлесін талдау. Адам әлемі, 99(1), 129–142. https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.385