DOI:
Ключові слова
келісім, дағдарыс, коммуникация, рационалдылық, руханилық, дүниетаным, этика, тәрбие.
Қазіргі әлем жаһандық дағдарыс кезеңінде, сондықтан бүгінгі таңда тұлғаралық, адамдар, халық, ұлт арасындағы келісім, іс-әрекеттің үйлесімділігі, өзара көмек көрсету бұрынғыдан да үлкен қажеттілікке айналды. Келісім ұғымының мәні мен құндылығы төтенше жағдайларда: дүниежүзілік соғыс жылдарында, эпидемиялар, пандемиялар немесе табиғи апаттар кезінде еселеп артады. Келісім дағдарыстарды еңсерудің шарты және әлемді дағдарыстан кейінгі қайта құрудың негізгі тетігі ретінде әрекет етеді. Осылайша, келісімнің мәнін анықтауда абстрактілі, жалпылама емес, нақты тәсілді қажет етеді.
Бұл мақалада келісім концептісі жалпыға ортақ байланыс жүйесін құраушы қырлары және оның үйлесімді, берік ететін ішкі астар ретінде жағымды мәні қарастырылады. Қоғамдық келісім шарттарына келетін болсақ, біріншісі негізгі дүниетанымдық көзқарастардың ортақтығы қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Ол келісімнің коммуникативті-рационалды типі негізінде қалыптасып, конфессияаралық қатынастар саласында тиімді жұмыс атқара алады. Келісімнің тағы бір маңызды шартына әлеуметтік-этикалық императивтер жатады. Бұл шарт келісімнің ерікті типіне кіреді, және этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуге қабілетті. Қоғамда жанжалдасушы тараптарды келісімге келтіру мақсатында арбитр рөлін әртүрлі құрылымдар жүзеге асыра алады. Мысал ретінде, әлемдік деңгейде БҰҰ; Қазақстан ауқымында Қазақстан халқы Ассамблеясы.