DOI:
Ключові слова
толеранттылық, төзімділік, этногенез, ұлт, ұлтаралық қатынастар, шешендік өнер, бірегейлік, философия, мәдениет.
Бұл мақалада жаһандану дәуіріндегі толеранттылық ұғымы шешендік өнер арқылы көрініс табуы, мәдени-рухани негіздері философиялық тұрғыдан талдаған. Толеранттылық Қазақстан қоғамын ілгері дамытуға ықпал ететіндігі мақалада айшықталады. Толеранттылық ұғымының посмодерндік парадигмалары теориялық негіздері сараланып, оның анықтамалары, негізгі сипаттамалары философиялық тұрғыдан талданады. Ұлт пен мемлекет және жалпы адамзат қоғамы дамуындағы толеранттылыққа жетуде шешендік өнердің рөліне философиялық талдау жасалған. Философия тарихындағы ғұлама-ойшылдардың толеранттылық жайлы айтқан ойлары мен философиялық көзқарастарын айқындалған. Толеранттылық ұғымының философиялық мәні талқыланады.